20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОралда мұғалім Надежда Никитинаның өліміне қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айыпталушы - 41 жастағы Темір Сәрсенов. Ол қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша күдікке ілінген: адам өлтіру, ұрлық және заңсыз қару сақтау.
Ол №9 орта мектептің мұғалімі марқұм Надежда Никитинамен 2020 жылы сыныпта компьютер орнатып жүрген кезде танысқан. Кейін ұстаз жұмыс орнында немесе үйіндегі техникада ақау пайда болғанда ара-тұра Темір Сәрсеновтың көмегіне жүгінген.
Биыл 24 сәуір күні Надежда Никитина сондай өтінішпен Сәрсеновтен көмек сұраған. Айыпталушы жұмысын кенлесі күні аяқтауды айтқан. 25 сәуірде Сәрсенов мұғалімнің үйіне келгенде Никитина шәкіртімен сабақ жүргізіп жатқан. Шәкірті кеткен соң, әйел айыпталушымен сөзге келіспей қалған болуы мүмкін.
Сәрсенов марқұмды диванға жатқызып, үстіндегі киімінің жағасымен буындырған. Кейін ол марқұмның мойнына пышақ сұққан. Никитина механикалық асфексиядан көз жұмды.
Сотталушы мұнымен қоймай, ізін жасыру үшін ұрлық жасаған. Ол әйелдің пәтерінен алтын бұйымдар, сөмке, әмиян, телефон және банк карталарын алып кеткен. Жалпы материалдық шығын –1,7 млн теңге.
Сонымен қатар, полиция Сәрсеновтің пәтерінен сақтауға рұқсаты жоқ бірнеше қару мен оларға арналған көп мөлшердегі оқ-дәрілерді тапты.
Сәрсенов алқабилер сотынан бас тартты. Басты сот отырысы 27 тамызға белгіленді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?