6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБатыс Қазақстан облысында орын алып жатқан табиғи апатқа байланысты 3000 жуық ерікті жұмылдырылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының өңірлік фронт-кеңсесінің басшысы Нұрсұлтан Сәрсенбаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еріктілер тосқауылдар орнату жұмыстарына тартылған. Сонымен қатар басқа облыстардан да гуманитарлық көмектер келіп жатыр, олардың барлығын бір қоймаға жинақтап, мұқтаждығы бар аудан орталықтарына тарату жұмыстарына атсалысуда. Жайық өзенінің жеті метр биіктікке дейін көтерілуіне байланысты облыс орталығын су басуы мүмкін болғандықтан, еріктілер күндіз-түні тоқтамай еңбек етуде, - деп атап өтті Батыс Қазақстан облысының өңірлік фронт-кеңсесінің басшысы.
Нұрсұлтан Сәрсенбаевтың сөзінше, су басуы ықтимал аудан орталықтарында да еріктілер жұмылдырылып, жұмыс атқаруда. Еріктілерді басқарумен Жастар ресурстық орталығы айналысады. Бүгінде «БҚО жастары» тобы құрылып, белсенді жастар әртүрлі бағыттар бойынша қызмет етеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі