12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, оқиға 8 шілде күні қалаға қарасты Меловые горки кенті аумағында болған, деп хабарлады EL.KZ.
Сағат 17.35-те екі адамның жабдықталмаған жерден Жайық өзеніне батып кеткені жөнінде хабар түсті. Жедел құтқару жасағының күшімен іздестіру жұмыстары барысында 1991 және 2003 жылғы ағайынды жігіттердің денесі судан шығарылды. БҚО ТЖ департаменті суға шомылу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін еске салады, деп хабарлады ведомстводан.
Департаменттен түскен мәліметке қарағанда, биыл осыған дейін 5 адам суға кеткен болатын. Өткен жылы осы мерзімде 12 адам суға кетсе, соның төртеуі бала еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да көлде ағып кеткен 8 жасар баланың үш күннен кейін табылғаны хабарланған болатын.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер