Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіОрал қаласының Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған «Заң және тәртіп: қоғамдағы жауапкершілік» тақырыбында маңызды кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға заңның үстемдігі мен қоғамдық тәртіптің маңыздылығын түсіндіру, олардың құқықтары мен міндеттері жайлы ақпарат беру, құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын талқылау болды.
Кездесуге Облыс прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары Қайрат Самигуллиев, Облыс прокурорының аға көмекшісі Жанар Иманғалиева, Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Аида Құрманалиева және Абай полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің басшысы Кенжетай Сисенғалиев қатысты.
Фото: Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
Басқосу барысында жастарға құқықтық сауаттылықтың маңызы түсіндірілді. Құқықбұзушылық пен заңсыз әрекеттердің салдары талқыланды. Сондай-ақ студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау органдарының өкілдерінен нақты жауаптар алды. Құқық қорғау жүйесінің қызметі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары туралы да баяндалды.
Фото: Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
Осындай іс-шаралар жастарымыздың құқықтық санасын қалыптастырып, олардың заңға деген құрметін арттыруға ықпал етеді. Қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылық – әрбір азаматтың жауапкершілігінде!
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады