Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБатыс Қазақстан облысының құтқарушылары Оралда шұңқырға түсіп кеткен үш жасар баланы аман алып қалды, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 27 шілде күні сағат 21:00 шамасында болған. Қонаев ықшамауданындағы №51 үйдің ауласында құтқарушылар шұңқырдан үш жасар баланың қолын алып шықты.
Куәгерлердің айтуынша, бала аулада ойнап жүрген кезде ойыншығы трансформатордың жанындағы шұңқырға түсіп кеткен. Соны алмақшы болған баланың қолы кептеліп қалды. Жанынан өтіп бара жатқан көршісі жедел жәрдем шақырған.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала жарақат алмаған. Ата-анасы ауруханада ем алудан бас тартқан.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар