23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің (УММТУ) өкілдігінің ашылу салтанатын өтті, деп хабарлайды El.kz
Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев, Уфа мемлекеттік мұнай университетінің ректоры Олег Баулин, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері, БҚАТУ басшылығы және кәсіпорын басшылары мен аймақ жұртшылығының өкілдері қатысты.
УММТУ жаңа өкілдігінің басты міндеті интеграцияланған халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігін құру арқылы екі жоғары оқу орнының ынтымақтастығын кеңейту және нығайту болып табылады. Халықаралық ынтымақтастық аясында Қазақстанда да, Ресей Федерациясында да өзара өндірістік тәжірибелерді ұйымдастыру жоспарлануда. Сондай-ақ Уфа университетінің жазғы мектебі базасында Жәңгір хан университетінің студенттері үшін арнайы оқыту ұйымдастыру жоспарланып жатыр.
Ашылу салтанатынан кейін қонақтар «Өңір экономикасына арналған ғылым» ғылыми әзірлемелер көрмесінің экспонаттарымен және «Жаңа кәсіптер атласы» жобасы шеңберінде «Erasmus+» жобасы бойынша робототехникалық жүйелер зертханасының жұмыс нәтижелерімен танысты.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады