13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызОрал қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза аула!» атты тазалық шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
БҚО мәліметінше, аталған іс-шара барысында аулалар қоқыстан тазартылып, балалар ойын алаңдары мен қоршаулар әктеліп, жаңартылды. Бұл жұмысқа 20-дан астам ерікті жас қатысып, өз үлестерін қосты.
Акцияның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық сана қалыптастыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ жастардың белсенді азаматтық ұстанымын нығайту. Сонымен қатар, туған жерге деген сүйіспеншілік пен ортақ мүлікке ұқыппен қарауды насихаттау да бастаманың басты бағыттарының бірі болып табылады, - делінген мәліметте.
Іс-шара барысында еріктілер белсенділік танытып, аумақты ретке келтіруге аянбай атсалысты. Нәтижесінде балалар алаңы жаңарып, шөптер орылып, тұрғындарға таза әрі жайлы орта сыйланды. Жергілікті халық атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, болашақта да мұндай игі бастамаларға қолдау көрсететіндерін жеткізді.
БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы бөлімінің басшысы Айбек Шәріпов шара барысында сөз алып, акцияның маңыздылығына тоқталды:
«Таза Қазақстан» акциясы аясында шілде айынан бері 50 таза ойын алаңы жобасы қолға алынды. Бұл бастама – балаларға қауіпсіз, таза орта сыйлау арқылы оларды тазалыққа тәрбиелеуді мақсат етеді. Қуантарлығы – еріктілер саны күн санап артып келеді. Жастармен қатар қала тұрғындарының да қызығушылық танытуы жобаның өзектілігін дәлелдейді, – деді ол.
Ұйымдастырушылар мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтып, барлық қала тұрғындарын экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақырды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды