23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Оралда ломбардтан 45 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның құрамында шетелдіктер болған. Тергеу барысында 5 адамнан тұратын топ қылмыс жасауды алдын-ала мұқият жоспарлағаны анықталды.
Күдіктілер ломбардтың кілтін алып, қызметкер түскі асқа кеткенін күткен. Олар осы мүмкіндікті пайдаланып, жалпы құны 45 млн теңге болатын 654 алтын бұйымды, сондай-ақ кассадан 1,5 млн теңгеден астам ақша ұрлаған.
Ұрлық жасаған соң топ мүшелері қаладан қашып, батысқа қарай бет алған.
Полицейлер күдіктілерді Оралдағы үйлердің бірінің ауласында ұстады. Онда олар үйді жалға алуға тырысқан.
Ұсталғандар басқа мемлекеттің азаматтары екені анықталды. Қазір олар қамауда отыр. Бұл дерек негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік