22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБатыс Қазақстан облысында қазақ киносының онкүндігі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шара аясында БҚО тұрғындарына отандық киноның жетістігі мен қазақстандық режиссерлердің туындылары ұсынылатын болады. Мұндағы әрбір кинокартина мемлекет тарихындағы негізгі кезеңдерді баяндап, көрнекті қоғам қайраткерлерінің өмірін таныстырмақ.
Маңызды шараның ашылуына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Басқарма Төрағасының орынбасары Әділет Омаров пен белгілі режиссер Талғат Теменов, аймақтағы мәдениет саласының өкілдері мен зиялы қауым қатысты.
Шарада Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев отандық кинематографияны насихаттау жөніндегі жұмыстың маңызын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда киноиндустрияны дамытудың маңыздылығына ерекше назар аударған болатын. Бұл бағыт – жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мен қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды тетігі. Өңірлерде мемлекет қаржыландыратын фильмдерді ұлттық киноны кеңінен насихаттауға көмектеседі, - деді ол.
Отандық кино онкүндігінің бірінші күні көрермендерге белгілі режиссер Талғат Теменовтың «Қара қыз» фильмі ұсынылды. «Қара қыз» – қаһармандық туралы фильм. Мұнда соғыс жылдарының шындығымен қатар қан майдан ортасында жанкешті ерлік көрсеткен батырларымыз бен тылда жүріп қыруар еңбек еткен азаматтардың адами құндылықтарын баяндайды.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен 117 картинаның өндірісі аяқталды. Оның 72-сі – көркем, 37-сі – деректі, 8-і – анимациялық фильмдер.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев