2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр7 қыркүйекте полицияға Самал көшесінде орналасқан 9 қабатты үйлердің бірінде алтыншы қабаттың терезесінде белгісіз әйел адамның отырғаны және секірмек ойы бар деген хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына патрульдік полицейлер Досым Бисембай, Батыр Альшинов, Дамир Казиханов бірден жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әйелді әңгімеге тартуға тырысқанымен, одан еш нәтиже болмайтынын түсінген полиция қызметкерлері 6-қабатқа көтерілді. Қажетті пәтерді тапқан соң, қайғылы оқиғаның алдын алу мақсатында есікті бұзуға шешім қабылдайды. Осы кезде көмекке түнгі кезекшілікте қызмет атқарып жүрген “Үкі-8” жасағы келіп жетті.
Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерімен есікті жартылай майыстырып ашып, ішке қарай ең бірінші Казиханов Дамир кіріп, қалған әріптестеріне пәтерге кіруге мүмкіншілік жасайды. Полиция қызметкерлері әйел адамның терезе жақтауында әлі отырғанын көріп, асықпай, байқатпай тез қимыл жасап, әйел адамды пәтер ішіне еш жарақатсыз түсіріп алады. Содан кейін жедел-жәрдем қызметкерлерін шақыртып, соларға табыстайды.
Осылайша, полиция қызметкерлерінің тез шешім қабылдауының арқасында адам өмірі құтқарылды. Сол сәтте сол үйдің қасына жиналған азаматтар полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне риза болып, қол шапалақтарын аямай соқты.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова