23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіОралда полицейлер есінен танып қалған әйел адамға алғашқы көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
19 желтоқсанда Орал қаласы полиция басқармасының Абай полиция бөлімінің қызметкерлері Рүстем Мұхамбетьяров және Санжар Әбдірахманов облыс орталығындағы мектептердің бірінде құқықтық сауаттылық сабақтарын өткізу кезінде терезеден бір әйел адамның көшеде құлағанын байқады. Оның жанында оған көмектесуге тырысқан кәмелетке толмаған қызы болған.
Полицейлер дереу көшеге жүгіріп шығып, жеткен кезде оның ес-түссіз жатқанын көреді, тез арада шешім қабылдап ауа-райының суық болуына байланысты, оны ақырын көтеріп, мектеп ғимаратының ішіне алып келеді. Онда қызметкерлер алғашқы көмек көрсете бастайды. Біраз уақыттан кейін әйел адам есін жинап, өзіне келді.
Полиция қызметкерлері дереу жедел жәрдем шақырады. Мән-жайларды анықтау барысында қыздың эпилепсиямен ауыратындығы анықталды. Жедел жәрдем келгеннен кейін қызметкерлер зардап шеккен адамды дәрігерлерге тапсырды. Дәрігерлер полицейлерге уақтылы көрсеткен алғашқы көмегі үшін алғысын білдіріп, ал әйел адамның өзі полиция қызметкерлеріне ризашылығын жеткізді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады