Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыОралда кешкі уақытта 102 пультіне әйел адамнан хабарлама келіп түсті. Ол өз өмірін қиюға ниетті екенін жеткізген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, оқиға орнына дереу Ермұхан Құбаш пен Бейбіт Айтмұханбетов құрамындағы патрульдік полиция экипажы жіберілді.
Белгіленген мекенжайға келген полицейлер пәтердің есігі ішінен құлыптаулы екенін анықтады. Уақытты жоғалтпай, олар есікті ашу үшін бар күшін салды. Ішке кірген кезде, патрульдік қызметкерлер жуыну бөлмесінде тұрмыстық техниканың сымын пайдаланып, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған әйелді көрген. Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді, - делінген мәліметте.
Қазіргі таңда әйелдің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол медицина мамандарына тапсырылды.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады