Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерОралда Marvel кейіпкерлерінің костюміндегі автокортеж жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Polisia.kz мәліметінше, 15 маусым күні кешкі уақытта Орал қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бірнеше көліктен тұратын ерекше автокортежді тоқтатты. Көлік жүргізушілері мен жолаушылары Marvel киноәлемінің кейіпкерлерінің костюмдерін киіп алған. Тексеру нәтижесінде автокортеж қатысушылары бірқатар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды.
Нәтижесінде мынадай әкімшілік хаттамалар толтырылды:
- ҚР ӘҚБтК 593-бабының 2-бөлігі бойынша — 11 хаттама (қауіпсіздік белдігін тақпау);
- 590-баптың 5-бөлігі бойынша — 3 хаттама (мемлекеттік нөмір белгілеріне қойылатын талаптарды бұзу);
- 593-баптың 3-бөлігі бойынша — 1 хаттама (алдыңғы орындықта қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушыны тасымалдау);
- 595-баптың 1-бөлігі бойынша — 1 хаттама (жол қиылыстарынан өту тәртібін бұзу);
- 590-баптың 2-бөлігі бойынша — 1 хаттама (пайдалануға тыйым салынған техникалық ақауы бар көлік құралын басқару).
Полиция барлық жүргізушілер мен азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі