6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерОрала елорда мен Ұлттық домбыра күніне орай “Атамекен” өнер ордасында салтанатты мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қос мерекені ұштастырған жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, айтулы күндермен құттықтады.
Биыл бұл қос мереке қатар келіп отыр. Бұл – жай сәйкестік емес, тамыры тереңге бойлаған тарихымыз бен жарқын болашағымыздың сабақтастығын білдіретін ерекше сәт, – деді аймақ басшысы.
Мерекелік шара аясында Батыс Қазақстан өнері мен мәдениетінің алтын арқауына айналған кәсіби өнер ұжымы – Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның 58-ші концерттік маусымының жабылуы өтті.
Өңір басшысы ұлттық өнерімізді насихаттап, төл мәдениетімізді ұлықтап жүрген өнер иелеріне алғысын білдіріп, филармонияның кәсіби екі ұжымы - Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі мен Шамғон Қажығалиев атындағы эстрадалық-симфониялық оркестрінің домбырашыларына қасиетті домбыраны салтанатты түрде табыс етті.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі