Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыОрал қаласында мемлекеттік рәміздердің ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі мен маңызына арналған жиын өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға облыс әкімдігінің қызметкерлері, Ұлттық құрылтай мүшелері, Геральдикалық зерттеулер орталығының өкілдері, ЖОО мен мектеп оқытушылары, сондай-ақ белсенді жастар қатысты. Жиын барысында мемлекеттік рәміздерді насихаттау, оған қатысты құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, тиісті шаралар қабылдау, мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі мен ұлттық стандарттардың сақталуы, сондай-ақ Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу мәселелері талқыланды.
Спикерлер орталықтың атқарып жатқан жұмыстары жайында сөз қозғап, мемлекеттік рәміздер тарихы мен заңнамаға сәйкес мемлекеттік рәміздерге қатысты жауапкершілік түрлерін кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді ұлттық құндылық тұрғысынан насихаттаудың мәні мен маңызына тоқталды. Кездесу барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек