2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрОрал қаласында кәріс мәдениеті күні аталып өтті. Оны жыл сайын «Кәріс этномәдени бірлестігі» өткізіп келеді. Қонақтар кәріс мәдениетінің салт-дәстүрлерімен танысып, халықтық өнерді тамашалады.
Шараға этномәдени бірлестіктер, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдық бөлімшелері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Шараның салтанатты бөлімін кәріс этномәдени бірлестігі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Григорий Тё кіріспе сөзімен ашты: «Қазақстанды мекендеген сан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері еліміздің Тәуелсіздік алуымен бірге, өздерінің дәстүрі, мәдениеті мен тілін сақтап қалу мүмкіндігіне ие болды. Бұл жай ғана сөз емес – тәуелсіздік алғалы бері Елбасы ұстанып келе жатқан саясаттың басты бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда этномәдени орталықтар мемлекетаралық қарым-қатынастардың тірі көпіріне айналып отыр. Кәріс халқы еңбексүйгіш, ісі мен сөзіне берік, адал. Мерекелеріңіз құтты болсын», – деді еңбек ардагері.
Сонымен қатар, қатысушылардың барлығын «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы М.Қамбетов мерекемен құттықтап, кәріс диаспорасы өкілдерінің Қазақстанның дамуына қосқан үлесін атап өтті.
Концерттік бағдарламада «Көркем» квартеті, «Жаңғыру жолы» ансамблі, жеке шығармашылық әртістер өнер көрсетіп, шара соңында көрермендерге кәріс халқы туралы сұрақтар қойылып, лотереялар ойнатылды.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова