6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБатыс Қазақстан облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы мен Орал қалалық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Polisia.kz мәліметінше, тергеу барысында күдікті Instagram әлеуметтік желісінде кепілсіз несие рәсімдеу туралы жалған жарнама жариялап, азаматтарды WhatsApp мессенджеріндегі сілтеме арқылы өтіп, микрокредиттік ұйымдардан онлайн несие алуға көндіріп отырған. Несие рәсімдеу кезінде ол қаражатты өзіне және таныстарының банк шоттарына аударуды сұраған. Жәбірленушілерге верификациядан өту үшін арнайы сілтемелер жіберген.
Несие мақұлданғаннан кейін ақша көрсетілген есепшоттарға, кейін күдіктінің атына тіркелген шотқа аударылып, қаладағы түрлі банкоматтар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған. Күдіктінің үйін тінту барысында 27 телефон, төрт SIM-карта және төрт банк картасы тәркіленді. Қазіргі таңда төрт эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды. Келтірілген жалпы шығын көлемі - 1,5 млн теңгеден астам, - делінген мәліметте.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі