28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарОралда зейнеткер әйел сауда үйіндегі ақша айырбастау пунктіне келіп, рубль ақшасын айырбастамақшы болған, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күнде жаңартылып тұратын электронды таблоға қарап, ақша курсына үңіледі де, кейін келемін деп шешкен. Алайда әйелдің қимылдарын жіті байқап тұрған күдікті көшеге қайта шыққан зейнеткердің артынан ілесіп отырады. Үйіне дейін жетіп, подъездің алдына келе бергенде басынан ұрып, құлатып, қолындағы пакетін тартып алған.
Пакет ішінде азық-түліктері мен айырбастамақшы болған 200 мың теңге көлеміндегі ақшасы салынған әмиян болған.
Орал қаласы ПБ Абай Пб қызметкерлері қолданған жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 47 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Ер адам ұрланған ақшаны жойып үлгерген. Аталған факті ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігіне (Тонау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұсталған азамат Орал қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?