7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Орал қаласының Сырым Датов көшесінде орналасқан дәмханада жарылыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы хабарлама 101 пультіне 4 қаңтарға ауған түні сағат 02:07-де түскен.
Алдын ала болжам бойынша газ-ауа қоспасының жарылысы нәтижесінде ғимараттың 110 шаршы метр аумағы қирап, 25 шаршы метр аумақта өрт болған.
Өрт сөндірушілердің күшімен өрт сағат 02:40-та жойылды. Оқиға орнында №1 МӨСБ, № 2 МӨСБ, № 8 ӨСБ, № 5 ӨСБ, өрт сөндірудің кезекші қызметі, жеке құрамнан 39 адам және 13 техника бірлігі, жедел құтқару жасағынан құтқарушыларынан 8 адам және 2 техника. Жедел медициналық жәрдем бригадасы 18 адам, 6 бірлік техника, полиция департаментінен 28 адам, 7 бірлік техника жұмылдырылды, - делінген облыстық ТЖД таратқан мәліметте.
Оқиға орнына БҚО ТЖД басшылығы, «ӨС және АҚЖҚ» ММ, облыс әкімдігі және ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің БҚО бойынша департаменті өкілдері барды.
Қазіргі уақытта ТЖД күштерімен қираған құрылымдардың астынан алты адам табылып, құтқарылды, оның бесеуі медициналық мекемелерге жеткізілді, бір адам ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиға орнында екі адам қаза тапты. Адамдардың жеке басы анықталуда. Үйінділердің астында әлі де адамдар болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта БҚО ТЖД және облыс әкімдігінің күштерімен қираған үйінділерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмысы ұйымдастырылды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?