15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыОрал қаласындағы №52 жалпы білім беретін мектепте «Келешек мектептері» жобасы аясында «Балақайлар мектебі» тақырыбында баспасөз туры өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
БҚО әкімдігінің мәліметінше, іс-шара барысында педагогтар мен ата-аналар бастауыш сыныптарды жаңа форматта оқыту тәжірибесін бөлісті.
«Балақайлар мектебі» – мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндерді бейімдеуге арналған маңызды жоба. Қазіргі таңда мектебімізде 1480 оқушы білім алуда, оның ішінде 172 бала 1-сыныпқа өтініш беріп, 156 бала дайындық курсына қатысып жатыр. Бұл курс балалардың танымдық дағдыларын дамытуға, сөйлеу, жазу және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған. Алдағы оқу жылында 1-сыныптарға 8 сынып-комплекті жасақталды. Мектеп жаңа оқу жылына толық дайын, – деді №52 жалпы білім беретін мектептің директоры Самал Рахметуллина.
Бастауыш сынып мұғалімі бұл жоба балалардың ойлау қабілеті мен шығармашылығын дамытуға үлкен септігін тигізетінін атап өтті. Ата-аналар «Балақайлар мектебі» арқылы балалардың мектепке деген қызығушылығы артқанын және сенімділікпен оқуға дайындалатынын жеткізді.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады