29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыОрла қаласының Достық үйінде облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Рахметолла Суербаевтың басшылығымен ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кеңес жұмысына қатысқан аудандық ақсақалдар кеңестерінің төрағалары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар мен Жаңғыру жолы жастар қозғалысының көшбасшылары «Болашаққа бағдар, қоғамдық келісімді жаңғырту» бағдарламалық мақаланың мәселелерін іске асыруды, медициналық мекемелерде және қалалық қоғамдық көліктегі қарт адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жағдайын талқылауға белсене атсалысты.
Кездесу барысында бұқаралық ақпарат құралдарында өз жұмысын кеңінен қамту және ағымдағы жобалардың қызығушылығын арттыру үшін белгіленген жоспарларды жүзеге асыруда ақсақалдар кеңесіне көмек көрсетуді күшейтуге қатысты өзекті және іскерлік ұсыныстар айтылды.
Кеңесте БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапаков «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жобалық кеңсе жұмыс істеп жатқандығын және болашақта жұмыс осы кеңсемен бірлесе жүзеге асырылуы тиіс екендігін атап өтті.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек