23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Батыс Қазақстан облысы ПД “CyberPol” полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 18 жастағы М. есімді “дропперді” анықтап, қолға түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол Telegram қосымшасы арқылы жұмысқа тұрған ол қызметінің адам алдаумен байланысты екенін біле тұра, алданған адамдардың ақшаларын алаяқтарға жеткізіп отырған.
Оқи отырыңыз:
Полиция дерегінше, 3 тамыз күні сағат 11:00 кезінде өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған белгісіз тұлға жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танылған туысын қылмыстық жауапкершілікке тартпау туралы мәселені шешуге көмектесемін деген желеумен түрлі нөмірлерден қоңырау шалып, алдау жолымен 75 жастағы зейнеткердің қаражатын иемденген.
Алаяқтар курьер арқылы ақшаны өздерінің қанжығаларына басып отырған. Айта кететін жайт, алаяқтар алдымен курьердің көмегімен 3 500 еуро мен 3 500 доллар көлеміндегі ақшаны иемденсе, кейін қайта телефон соғып, қосымша 8 млн теңге талап еткен, - деп мәлімдеді полициядан.
Аталған деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға бар-жоғы анықталып жатыр.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік