Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыОралда 13 жасар қызды зорлады деген күдікпен тағы бір адам қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Маусымның 11-інен 12-не қараған түні Орал қаласында оқушы қыз зорланған болатын. Полиция ақпаратына сәйкес, оқиға жалдамалы пәтерде болған. Күдікті ретінде 16, 17 жастағы 4 жасөспірім ұсталған болатын.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен бүгін мәлім еткеніндей, күдікке тағы бір жас жігіт ілікті.
Бұл күдікті кәмелетке толған. Алдын ала мәлімет бойынша ол қылмыс жасалған пәтерді жалға алған. Бесінші күдікті де уақытша ұстау изоляторына тоғытылып, сот санкциясымен екі айға қамалды. Тергеу жорамалы бойынша қызды пәтерге алдап шақырған. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлады ведомстводан.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек