6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерОрал қаласының әкімдігі заңсыз берген 100 гектардан астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АШМ мәліметінше, заңсыздық профилактикалық бақылау кезінде анықталды.
Жер ресурстарын басқару комитетінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті Орал қаласының әкімдігі мен жер қатынастары бөліміне қатысты жер заңнамасының нормаларын сақтау бойынша нысанда профилактикалық бақылау жүргізді. Әкімдік АҚ-ға ауданы 119,7 га жер учаскесін заңсыз бергені, сол арқылы ҚР Жер кодексінің 48-бабын бұзғаны анықталды. Индустриялық аймақты ұйымдастыруға арналған учаске Орал-Самара тас жолының бойында орналасқан, - делінген мәліметте.
Бүгінгі күні нұсқама талаптарына сәйкес жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды, бұзушылық жойылды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі