Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБатыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев тасқын судың алдын алу бойынша облыстық жедел штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отырыс барысында облысқа қарасты қалалар мен аудан әкімдері су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстары туралы баяндады.
Штаб отырысында облыс әкімі Орал қаласының әкімі Миржан Сатқановқа қатаң сөгіс жариялады.
Су тасқынына дайын болмағансыңдар. Қала әкімдігі ғимаратының өзі суға кеткен. Бұның бәрі жауапкершіліктің жоқтығын білдіреді. Кеше, және бүгін қаланы аралап жүрмін, кейбір шағын аудандарда мен келгенде ғана жұмыс басталып жатты. Орал қаласы әкіміне қатаң сөгіс жариялаймын. Қала мен аудандар күшейтілген режимде жұмыс істеулері керек. Жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстаңдар, - деді облыс әкімі.
Айта кетейік, Оралда әкімдік ғимараты мен үйлерді су басқаны туралы жазған едік.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары