Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОрал әуежайына бесінші дәрежелі «әуе еркіндігін» пайдалану құқығы берілді. Тиісті құжатқа көлік министрі Марат Қарабаев қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда еліміздің 15 әуежайы «ашық аспан» тәртібіне сәйкес жұмыс атқарады. Олардың қатарында Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Қараганды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавлов, Семей, Түркістан, Қостанай и Орал қалаларының әуежайлары бар.
«Ашық аспан» тәртібін енгізу жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға, жаңа халықаралық бағыттарды ашуға, бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді.
Бесінші әуе еркіндігі бар ұшулар шетелдік әуе компаниялардың Қазақстан қалалары арқылы үшінші елдердің қалаларына ұшуын білдіреді, - делінген ведомство мәліметінде.
Сонымен қатар, Орал қаласы тұрғындарының өтініші бойынша авиарейстерді орындау кестесі түнгі уақыттан күндізгі және кешкі уақытқа қайта жоспарланды. Қала тұрғындарының өтініші назардан тыс қалған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні Орал қаласы әуежайында 5 ішкі (Астана, Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтау) және 1 халықаралық бағыттағы (Франкфурт) рейстер қарастырылған. Бір аптада 32 рейс орындалады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?