30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыОрал қаласында БАҚ қоғамдағы рөліне қатысты семинар-тренинг өтті.
«Қоғамда әлеуметтік бірлікті нығайтудағы бұқаралық ақпараттар құралдарының рөлі» атты семинар-тренинг TEDx форматында ұйымдастырылып, оған аудандар мен облыс орталығындағы белсенді жастар қатысты.
Республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы қатысқан ақпарат алаңында бұқаралық ақпарат өкілдерімен блогерлер өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
«Қазіргі таңда әлеуметтік желі, газет беттерінде болсын, көптеген ақпарат бар, оны талдай, оны түсіне білу, оның ішіндегі дұрыс-бұрыстығына көз жеткізе білу, жалған ақпараттарға жол бермеу – басты назарда», – деді Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов.
Жастар қозғалысының негізгі мақсаты – замандастарына ғаламтор әлемін тереңінен меңгертіп, жат пиғылдардан арылту.
«Атқарылып жатқан істер жайлы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы модернизациялау» мақаласында толық айтылған. Осы бастамаларды іске асыруда «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, журналистер мен блогерлердің рөлі өте маңызды. Біздің басты миссиямыз қоғамдық сананы жаңғырту идеясын жүзеге асыру екенін есте ұстаған жөн», - деді ҚХА-ың республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қоғалысының төрағасы Максим Споткай.
Өңірдегі белсенді жастардың басын қосқан дөңгелек үстелде Елбасының жолдауынан туындайтын міндеттемелер қызу талқыға салынды. Әсіресе жастар тарыпынан атқарылуы тиіс шараларға белсенді атсалысу қажеттілігі айтылды.
Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер адамзаттың ақпарат алмасудағы бөліп-жаруға болмайтын бір бөлшегіне айналғаны жасырын емес. Сол себепті бұл жолғы шарада ғаламтордың пайдасы мен зиян тұстары да кеңінен ой талқыға түсті. 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланунына орай жоспарлар құрылып, оны жүзеге асыру жолдары да талқыланды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды