Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мерзімді әскери борышын өтеп жүргендер арасында өз-өзіне қол жұмсау жағдайларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
«Бірінші кезекте жастар өз өмірін не себепті қиып жатқанын түсіну керек. Бұған тек әскер ғана кінәлі емес. Әскерге келген жігіттің өмірі үшін жауапкершілік командирге жүктеледі. Дегенмен олар әскерге азаматтық қоғамнан келеді және бұл жастардың өздерінің проблемалары да болады», - деді Руслан Жақсылықов Мәжілісте тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Сонымен қатар министр қазіргі кезде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жауынгерлік даярлықтың бағдарламасы толықтай қайта қаралғанын атап өтті.
«Барлық сарбаздың кәсіби әрі сапа деңгейін көтеру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір тиісті эксперименттер ескерілген. Мұнымен қоса, жауынгерлік даярлық бағдарламалары аясындағы жұмыстардың қарқынын күшейту мақсатын қойдым», - деді ведомство басшысы.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары