2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Қорғаныс министрлігі басқару қызметінің тиімділігін арттырады, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен тиімді менеджмент қағидаттарына негізделген әскери регламенттерді әзірлеу және енгізу жобасын іске асыру қорытындыларын талқылауға арналған кеңес өтті.
Бұл құжат Қорғаныс министрінің бастамасымен Мемлекет басшысының «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығын жүзеге асыру аясында әзірленіп отыр.
Инновациялық жобаның мақсаты Қорғаныс министрлігіндегі басқару қызметінің тиімділігін, икемділігі мен жеделдігін арттыру, оны бюрократиядан арылту, басқару процесін автоматтандыру және ведомствоның құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге жағдай жасау болып табылады.
Аталған жобаны іске асыруға әскери ғалымдар мен жоғары білікті офицерлердің жұмыс тобы тартылды.
Бірінші кезеңде басқару процестерін бөлшектей отырып, әскери ведомствоның құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен функциялары жан-жақты талданды. Екінші кезеңде процестер мен қолда бар әскери регламенттердің терең аудиті жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде құрылымдауды, нақтылау мен оңтайландыруды қажет ететін процестер анықталды. Жобаны іске асыру құжат айналымын 20-30 пайызға қысқартуға, шешімдер қабылдау процесін едәуір жеделдетуге және ең бастысы басқару қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Бұдан өзге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, тәрбие және идеологиялық жұмыс, әскери қызмет қауіпсіздігі, көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру, мемлекеттік-патриоттық сана және девиантты мінез-құлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс