30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстан мектептерінде оқушылардың денсаулығын бақылау тәсілі өзгереді. Енді медициналық тексеру нәтижелері ақпараттық жүйелерде тіркеліп, баланың денсаулығындағы өзгерістерді динамикада бақылауға мүмкіндік бермек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Жаңа модельдің басты ерекшелігі – ауруды анықтаумен ғана шектелмей, оның алдын алуға басымдық берілуі.
Мектептегі медициналық тексеру барысында оқушының денсаулығында белгілі бір ауытқулар немесе қауіп факторлары анықталса, тиісті ақпарат алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарына беріледі. Мамандар баланы әрі қарай бақылауға алып, қажет болған жағдайда қосымша тексеру тағайындай алады.
Яғни жаңа жүйе арқылы оқушының денсаулығы бір реттік медициналық тексерумен шектелмей, ұзақ мерзімде бақылауда болады.
Мектеп медбикелерінің міндеті кеңейеді
Жаңартылған модельде мектеп медицина қызметкерлерінің жұмысы да өзгереді.
Олар оқушыларды медициналық тексеруден өткізумен қатар:
Бұл тәсіл мектеп медицинасын тек медициналық көмек көрсететін қызмет емес, профилактика орталығына айналдыруды көздейді.
«Саламатты мектеп» жобасы не үшін қажет?
Денсаулық сақтау министрлігі оқушылар арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Саламатты мектеп» жобасын да әзірледі.
Жобаның негізгі мақсаты – балалардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал ету және пайдалы әдеттерді ерте жастан қалыптастыру.
Мамандардың пікірінше, баланың денсаулығына әсер ететін көптеген факторды мектеп жасында анықтауға болады. Сондықтан дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, жеке гигиена және зиянды әдеттердің алдын алу сияқты бағыттарға көңіл бөлу маңызды.
Министрліктің мәліметінше, жаңа модель мектеп медицинасын цифрландыруға және профилактикалық бағытты күшейтуге мүмкіндік береді.
Бұрын медициналық тексеру белгілі бір кезеңдегі баланың денсаулық жағдайын бағалауға бағытталса, жаңа жүйе оның көрсеткіштерін уақыт өте келе салыстырып, өзгерістерді ертерек байқауға мүмкіндік береді.
Осылайша, мектептегі медициналық қызметтің негізгі мақсаты ауруды емдеуден бұрын оның алдын алуға және денсаулыққа төнетін қауіптерді ерте анықтауға бағытталмақ.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды