23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Премьер-министр Олжас Бектенов балалар демалысы, бос уақытты өткізу орындары, орталықтар, оқушылар мен шығармашылық сарайлары көпфункциялы болуға тиіс екендігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет басшысының сөзінше, балалардың жан-жақты, зияткерлік, шығармашылық әрі физикалық жағынан дамуын қамтамасыз етуі керек.
Барлық объектілер сауықтыру маусымының ашылуына толық әзір болуға тиіс. Ол үшін өңірлік штабтар жергілікті жерлерге барып, лагерьлердің санитариялық-эпидемиологиялық, өртке, терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келуін бақылауы қажет. Балалар лагерьлерінде, бұқаралық орындарда бақылау камералары жұмыс істеп тұруға тиіс, – деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне толық кепілдік берілуге тиіс екеніне ерекше назар аударды. Осы ретте Бектенов Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау министрліктері, өңір әкімдіктері тиісті қызметтердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет екені жөнінде тапсырма берді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік