Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлде жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың күрт көбеюіне байланысты білім беру мекемелерінің бір бөлігі уақытша онлайн оқытуға көшірілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда республика бойынша шамамен 250 мың оқушы қашықтан білім алып жатыр.
Ведомствоның айтуынша, 13 өңірде 11 800-ден астам сынып қашықтан оқытуға ауыстырылған. Жалпы саны 903 мектеп уақытша онлайн форматқа көшті, жағдай күн сайын өзгеріп отыр.
Сұлтанғазиевтің сөзінше, биылғы маусымда ЖРВИ мен тұмау жиілігінің жоғарылауына байланысты асқыну қаупі де артып отыр. Әсіресе 5 жасқа дейінгі балалар арасында пневмонияға ұласу ықтималдығы жоғары.
Ата-аналар балалардың денсаулығына мұқият назар аударып, алғашқы белгілер байқалған жағдайда дәрігерге жүгінгені жөн, - деді вице-министр
Денсаулық сақтау мамандары халықты алдын алу шараларын назардан шығармауға, соның ішінде жиі желдету, қол гигиенасын сақтау және ауырған жағдайда өзін-өзі оқшаулауға шақырады. Сонымен қатар, оқушылардың мектепке баруына қатысты шешім эпидемиологиялық жағдай тұрақталғаннан кейін қайта қаралатын болады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары