6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Оқу процесін басқаруды цифрландыру мақсатында республика бойынша 7 мың мектепте электрондық журналдар мен күнделіктерді жүргізу, бағалау, үй тапсырмасын беру, жоспар қалыптастыру мен қашықтан оқыту қызметтерін қамтитын білім беру платформалары енгізілді. Сонымен қатар, бұл платформалардың оқушылар мен ұстаздарға арналған мобильді қосымшалары, аналитикалық бақылау тақталары, мектептегі ас мәзірі және онлайн біліктілікті арттыру курстары секілді қосымша қызметтері іске қосылған. Қазіргі таңда оқулықтардың 79 пайыз цифрлық форматқа көшіріліп, мемлекеттік сараптамадан өтті және оқулықтар тізіміне кірді», - деді Ғани Бейсембаев.
Министрдің айтуынша оқулықтарға қажет талаптар мен ережелер министрліктің 6 нормативтік-құқықтық актілерінде нақты бекітілген. Аталған заңнамаларға сәйкес қазіргі таңда білім жүйесін цифрландыру жұмыстары кешенді түрде жүргізілуде.
Бұған дейін министр еліміздегі білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйесімен толықтай қамтылғанын айтқан еді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі