23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы оқулықтарды таңдау бойынша арнайы платформа әзірледі. Аталмыш платформа педагогтерге пәндік оқулықтарды таңдауға мүмкіндік береді, дееп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, ETANDAU.GOV.KZ платформасы жабық жүйеде құрылған, ол тек педагогтер, мектеп директорлары, әдістемелік бірлестіктер мен білім басқармаларының басшылары үшін ғана қолжетімді. Жүйе оқулықты таңдау үрдісін автоматтандыра отырып, қабылданған шешімдердің объективтілігі мен ашықтығын арттыруға ықпал етеді.
Электрондық платформа педагогтерге «өз» оқулықтарын таңдап алуға мүмкіндік береді. Сабақ беруді сапалы ұйымдастыруда оқулықты дұрыс таңдау аса маңызды, - дейді орталық директоры Нәзира Абдрахманова.
Атап өту керек, қазіргі уақытта бұл платформа сынақтан өтуде. Пилоттық жобаға Астана қаласының және Қостанай облысының 20 мектебі қатысуда.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік