23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Оқу жылы басталғаннан бері өңірлерде 150 мың оқушыға арналған 106 жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның ішінде 90 мыңға жуық оқушы 33 жайлы мектепте білім алуда. Олар бастауыш және жоғарғы сыныптарға арналған жеке блоктармен, заманауи техникалық қауіпсіздік құралдарымен, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған кедергісіз ортамен, бірнеше спорт залдарымен, заманауи пәндік кабинеттермен қамтылған. Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін қазіргі заманғы форматтағы 217 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтан түскен қаражат есебінен білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының желісі бойынша тағы 18 мектеп ашылды. Қалған 55 мектеп республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ инвестициялар тарту есебінен ашылады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік