Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарСеулде өтіп жатқан GEIS білім және инновациялар жөніндегі жаһандық саммитінде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Корея премьер-министрінің орынбасары және білім министрі Ли Джу Хомен кездесу өткізді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қвзметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Тараптар білім беру саласындағы Қазақстан-Оңтүстік Корея екіжақты ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, инновациялық тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін, білім жүйесін цифрландыру жобаларын талқылады.
Сізді еліміздің қонағы ретінде көргенімізге қуаныштымыз. Бұл кездесу цифрлық білім беруді дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды жүзеге асырудағы екі ел ынтымақтастығының тағы бір маңызды кезеңі болып табылады, — деді Оңтүстік Корея премьер-министрінің орынбасары және білім министрі Ли Джу Хо.
Ғани Бейсембаев сапалы білім беруде оқытудың инновациялық әдістерін енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Біздің еліміз қызметтің барлық бағыттарын цифрландыруға ерекше көңіл бөліп отыр. Оқу-ағарту министрлігі қолжетімді, тең дәрежедегі және сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін цифрлық шешімдерді кезең-кезеңмен енгізуде. Бізді Оңтүстік Кореяның білім беруде жаңа технологияларды пайдалану жөніндегі озық тәжірибесі қызықтырады, — деді оқу-ағарту министрі.
Айта кетейік, GEIS білім және инновациялар жөніндегі жаһандық саммит екі күнге созылады. Қатысушы елдер шара барысында білім саласында инновацияларды қолданудың стратегиялық мүмкіндіктері мен тәжірибелік идеяларын талқылайды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?