Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды. Осыған байланысты республикада кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында колледждерді реформалау және педагогикалық әлеуетті дамыту бойынша негізгі шараларды ұсынды.
Өңірлердегі 195 колледж экономикадағы сұранысты қанағаттандыру үшін қайта бейімделді және білім беру мекемелерін халықаралық стандарттар бойынша бағалау жобасы әзірленді. Бірінші лигаларға кірген колледждер ресурстық орталықтарға айналады. Сондай-ақ оқу сапасын арттыру үшін түлектерге тәуелсіз сертификаттау енгізілді.
Білім беру мекемелерінің бейініне инфрақұрылымды және инвестицияларды дамыту міндеттемелерімен колледждерді сенімгерлік басқаруға беруді қоса алғанда, бизнеспен белсенді ынтымақтастық жалғасады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары