Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҒани Бейсембаев еуропалық әріптестерімен кәсіптік-техникалық білім беру мәселелері бойынша бірқатар келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР оқу-ағарту министрі Еуропалық білім беру қорының басшысы Пилви Торстимен, Эстонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Яап Орамен кездесті. Тараптар орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін талқылады.
Кездесу барысында министр Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жүргізіліп жатқанын атап өтті. Заңнамалық нормалар жетілдіріліп, халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, колледждердегі менеджмент күшейтілуде.
Сондай-ақ кездесу барысында бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, колледждердің инновациялық дамуы, студенттер мен педагогтердің тағылымдамадан өтуі және мектеп педагогтерінің кәсіби дамуы жөніндегі жобалар талқыланды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?