Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚР Оқу-ағарту министрі Алматы қаласына іс сапары аясында педагогтер және білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ғани Бейсембаев білім беру жүйесінің сапалы дамуына және педагог мәртебесін одан әрі дамыту қажеттілігіне ерекше тоқталды. Оқу-ағарту министрінің айтуынша, Жол картасы білім беру сапасын арттыруға бағытталған 80-нен аса іс-шараны қамтиды. Оның ішінде тәрбиешілерді оқыту және аттестаттау ұйымдастырылады, жаңа модель бойынша даярлық курстарының мазмұнын жаңғырту.
«Орта білім берудегі өзекті мәселе – білім мазмұны мен білім сапасы. 2020-2021 оқу жылында мектептердің жаңартылған бағдарламаларға көшуі толық аяқталып, білім беруді критериалды бағалау жүйесі енгізілді. Бұл өте маңызды өзгеріс болды. Алайда мониторингтік зерттеулерге сәйкес жекелеген пәндер бойынша оқу бағдарламалары жетілдіруді қажет етеді. Сонымен қатар «Білім беру ұйымдары басшыларының республикалық кадрлық резерві» жасақталады. Резервтегі менеджерлерді «Болашақ» бағдарламасы арқылы шет елде тағылымдамадан өткізу көзделген. Бұдан басқа еліміздің озық тәжірибелі педагогтерінің республикалық базасы құрылады», - деді Ғани Бейсембаев.
Кездесу барысында арнайы білім беру, тәрбие жұмысы, балалардың қауіпсіздігі және инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды. Жұмыс сапары аясында Ғани Бейсембаев Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған республикалық орта мектеп-интернатының жұмысымен танысты.
Сонымен қатар бір қатар білім мекемелеріне барып балалар қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі барысымен танысты.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары