Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыСалтанат Нүкенованы өлтірген күні Қуандық Бишімбаев екеуі бірге концертке барған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Концерт барысында Нүкенова мен Бишімбаев сөзге келіспей қалады. Концерттен шыққан соң жұп арасындағы жанжал ұдая түседі.
Концерттен шығып екеуі «Bau» мейрамханасына барған. Олар шарапқа тапсырыс берген. Жанжалдан соң Нүкенова бұл қарым-қатынастан шаршағанын және ақыры одан кетуге шешім қабылдағанын айтқан. Бұл факт туралы Нүкенова өзінің ағасына да хабарлаған.
9 қараша күні сағат 00:30 қарай Бишімбаев пен Нүкенова алкоголь ішкеннен кейін осы мекемеден шығып кетеді. Алайда Бишімбаев Нүкенованы ас үй арқылы мейрамханаға қайта кіргізеді. Онда Нүкенова №1 VIP залға өтеді. Ал Бишімбаев барға барып, шарап бөтелкесін алып, оның артынан барады.
Осы уақытта мейрамханада 2 жұмысшы болған. Олар түнде жөндеу жұмыстарымен айналысқан. Мейрамхананың қабырғалары мен бағандарын бояған.
Бишімбаев «сен жеңілтек қызсың» (ред. чайка) деп Нүкенованың ар-намысын, қадыр-қасиетін қорлаған. Жанжал барысында Нүкенованың сатып алған заттарын тізбектеп, өзіне тәуелділігін пайдаланып, оның намысын таптаған. Сол уақытта Нүкенова іш-киім мен зергерлік бұйымдарынан басқа барлық киімдерін шешіп, олар тұрған бөлмеге тастаған. Бишімбаев жанжал барысында бірнеше мәрте Нүкенованың басынан ұрып, тепкілеп, жұдырық жұмсаған. Шашынан тартып қорлаған, - деп мәлімдеді прокуратура.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді