Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКөкшетауда іш ауруына шағымданған 16 жастағы жасөспірім жедел ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл операция жасалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ақмола облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігерлері оқушыға шұғыл әрі күрделі хирургиялық операция жасады. Жасөспірімнің ішкі ағзаларына келтірілген ауыр зақым себебі – энергетикалық сусындарды жиі тұтынуы.
Дәрігерлер лапароскопиялық операция жасап, асқазандағы жараны тігіп, ірің толы құрсақ қуысын тазалап, дренаж орнатқан.
Жасөспірім аман қалды, дегенмен оны алда ұзақ оңалту кезеңі күтіп тұр.
Науқастан перфоративті асқазан жарасы және жайылған іріңді перитонит анықталды. Мұндай ауыр диагнозға энергетиктерге әуестік себеп. Жасөспірімді алда қиын оңалу кезеңі күтіп тұр. Денсаулығы бұрынғыдай болмайды. Асқазанында тыртық пен жараның ізі қалады, — деді хирургия бөлімінің меңгерушісі Ернар Қожабеков.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары