Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАмерикалық OpenAI компаниясы Broadcom корпорациясымен серіктестік орнатқанын ресми жариялады. Ынтымақтастық аясында екі компания OpenAI-дің алғашқы фирмалық процессорларын шығарады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл чиптер ChatGPT секілді жасанды интеллект (ЖИ) модельдерінің оқыту және жұмыс процесін жеделдетуге бағытталған.
Жаңа процессорларды өндіру 2026 жылдың екінші жартысында басталады. Жоба қуаттылығы 10 гигаваттқа дейін жететін жүйелерді қамтиды – бұл шамамен АҚШ-тағы 8 миллион үйдің энергия тұтынуына тең көрсеткіш.
Жобадағы рөлдер нақты бөлінген:
OpenAI – чип архитектурасын әзірлейді;
Broadcom – интеграция және өндіріс жұмыстарын атқарады.
Сарапшылардың пікірінше, бұл жоба OpenAI-ді Google мен Amazon сынды алпауыттардың қатарына қосады. Себебі аталған компаниялар да өздерінің ЖИ-жылдамдатушысын жасап, қымбат NVIDIA шешімдеріне тәуелділікті азайтуға тырысуда.
Бұған дейін компания AMD-пен келісім жасасып, 6 гигаватт қуаттылыққа дейінгі серіктестік орнатқан еді. Сондай-ақ OpenAI NVIDIA-мен 100 млрд долларға дейінгі көлемде жаңа әріптестік орнатуға дайындалып жатыр.
Сарапшылардың есебі бойынша, жаңа чиптерге арналған деректер орталықтарының әр гигаватты шамамен 50 млрд доллар тұруы мүмкін. Толық инфрақұрылым 2029 жылға дейін іске қосылады деп жоспарланып отыр.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс