Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЧат-бот GPT әзірлеушісі – америкалық OpenAI компаниясы 500 миллиард долларлық бағалаудан кейін әлемдегі ең қымбат жекеменшік компанияға айналды. Бұл туралы CNBC-ге сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Компания қызметкерлеріне өз акцияларын сату мүмкіндігі берілді. Бұл құқық екі жылдан астам уақыт бойы акцияға иелік еткендерге ғана тиесілі болды. Нәтижесінде жалпы құны 6,6 миллиард доллар болатын бағалы қағаздар сатылды. Ал рұқсат етілген көлем 10,3 миллиард доллар еді.
Акцияларды Thrive Capital, SoftBank, Dragoneer Investment Group, MGX және T. Rowe Price сынды ірі инвесторлар консорциумы сатып алды.
Айта кетейік, биылғы сәуірде аяқталған инвестициялық раунд кезінде OpenAI-дің нарықтық құны 300 миллиард доллар деп бағаланған еді.
Жаңа есеп бойынша OpenAI қазіргі таңда жекеменшік сектордағы ең қымбат компанияға айналды. Бұған дейін бұл атақ SpaceX-ке тиесілі болатын. Оның нарықтық бағасы 456 миллиард доллар деп көрсетілген.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова