6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерОПЕК+ келісіміне қатысушы көптеген елдер мамыр айында мұнай өндіруді ерікті түрде қысқартуды бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұнай өндірісін шектеу 2023 жылдың соңына дейін жалғасады деп күтіліп отыр. Қазіргі уақытта өндірісті төмендету тәулігіне 1,66 млн баррельді құраған.
ОПЕК+-ке кіретін ең ірі мұнай өндіруші Сауд Арабиясы 3 сәуірде өткен альянстың кездесуінен бір күн бұрын мұнай өндіруді биылғы мамырдан 2023 жылдың соңына дейін қысқартатынын ресми мәлімдеген еді. Мониторинг отырысынан кейін ОПЕК сайтында жарияланған мәлімдемеде өндірісті азайтуға бағытталған алдын алу шаралары мұнай нарығындағы тұрақтылықты сақтауға бағытталғаны белгілі болды.
Мұнай өндірісіне қосымша шектеу енгізу шараларын 9 мемлекет қабылдады. Соның ішінде, Сауд Арабиясы өндірісті өз еркімен тәулігіне 500 000 баррельге, Ирак – 211 000, БАӘ – тәулігіне 144 000, Кувейт – 128 000 баррельге, Қазақстан – 78 000, Алжир – 48000 баррельге, Оман – 40400 , Габон 8000 барельге қысқартып отыр. Ресей маусым айының соңына дейін мұнай өндіруді тәулігіне 500 000 баррельге қысқарту туралы шешімін жылдың соңына дейін ұзарттатыны айтылды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі