18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Әлеуметтік желілерде елдің оңтүстігінде электр энергиясына шектеулер енгізіледі деген ақпарат тарады. Энергетика министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Энергетика министрлігі кейбір әлеуметтік желілерде тараған елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясын шектеуге дайындық жүргізіліп жатыр деген ақпараттың ешқандай негізі жоқ екенін ресми түрде мәлімдейді. Ведомство азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады,-деліген хабарламада.
Қазіргі таңда Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы тұтынушыларды электрмен жабдықтау жағдайы толықтай тұрақты деп бағаланып отыр. Электр энергиясын жеткізу қалыпты режимде жүзеге асырылып, халықтың да, өнеркәсіптік кәсіпорындардың да барлық қажеттіліктерін толық қамтып отыр. Елдің бірыңғай электр энергетикалық жүйесі ешқандай ақаусыз жұмыс істеуде.
Министрлік республика бойынша электр энергиясын өндіру мен тұтыну теңгерімін тұрақты бақылауда ұстап отыр. Барлық өндіретін және жеткізуші компаниялар бекітілген кестелер аясында жұмыс істеп, энергожүйенің сенімділігін қамтамасыз етуде.
Осыған байланысты Энергетика министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарына, блогерлерге және онлайн-қоғамдастықтардың әкімшілеріне ақпаратты таратуға жауапкершілікпен қарауға, фактілерді мұқият тексеруге және азаматтарды жаңылыстырмау үшін тек ресми деректерді пайдалануға шақырады,-деп атап өтті ведомстводан.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр