14.05.2026
17:15
112
Жаңалықтар

«Оңтүстік циклон әсер етеді»: 15-17 мамырға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» орталығы 15-17 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері ел аумағында күрделі синоптикалық жағдай күтілетінін хабарлаған еді.

Орталықтың мәліметінше, елдің батысы мен оңтүстігіне жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. 35 градусқа дейін ыстық әкелетін оңтүстік циклон әсер етеді. Ал солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда суық антициклон сақталады. Түнде солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 1–6 градусқа дейін үсік күтіледі. Ал күндіз аспан ашық, ауа температурасы +12…+28 градустан +20…+30 градусқа дейін көтеріледі. 

Республика бойынша жел күшейіп, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең солтүстік, шығыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман күтіледі.

Астанада күн құбылмалы болады

15 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Шығыс бағыттан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 2-7 метр, күндіз 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді, күндіз +21...+23 градус болады.

16 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +23...+25 градус болады

17 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6 градус, күндіз +25...+27 градус болады.

 

Алматыда жаңбыр жаумайды

15 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +20...+22 градус болады.

16 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +7...+9 градус, күндіз +21...+23 градус болады.

17 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +9...+11 градус, күндіз +23...+25 градус болады.