Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанның оңтүстік өңірлерінде егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Егін жинау науқаны Қазақстанның 14 облысын қамтиды. Бүгінгі таңда 1,5 млн гектар алқап жиналып, 2 млн тоннадан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақыл бастырылды. Сонымен қатар майлы дақылдарды жинау жалғасуда: 28,0 мың гектардан 20,5 мың тонна өнім алынды.
Өсімдік шаруашылығының басқа бағыттары да жоғары қарқынмен дамып келеді. Атап айтқанда, 18,0 мың гектардан (13,8%) 458,0 мың тонна картоп, 47,8 мың гектардан (37%) 1,4 млн тонна көкөніс, ал 64,2 мың гектардан (68,5%) 1,7 млн тонна бақша дақылдары жиналды.
Елдің оңтүстік өңірлерінде егін жинау жұмыстары аяқталуға жақын. Шымкент қаласында егін жинау толық аяқталды. Түркістан және Жамбыл облыстарында дәнді және бақша дақылдарын жинау жұмыстары аяқталу кезеңінде. Түркістан облысында 337 мың тонна дәнді дақыл, 791,3 мың тонна көкөніс және 1,1 млн тонна бақша дақылдары жиналды. Жамбыл облысында 463,4 мың тоннадан астам астық, 341,4 мың тонна көкөніс және 336,5 мың тонна бақша дақылдары жиналды. Егін жинау науқаны қалыпты жағдайда өтуде,-делінген министрлік хабарламасында.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары