30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыСиноптиктер 10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, елдің басым бөлігі жауын-шашынсыз ауа райы күтілетін антициклонның ықпалында болады.
Синоптиктер атап өткендей, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтілетін атмосфералық фронтальды бөлімдер елдің батысы мен солтүстігі арқылы ғана өтеді.
Мамандардың болжауынша, республика бойынша жел күшейеді, елдің солтүстік жартысында боран, тұман, көктайғақ болады.
Астанада күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз өтеді. Оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 2-7 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -11-13°С, күндіз 0,+2°С болады.
Алматыда да жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. 0-5 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1 + 3°С, күндіз + 14 + 16°С.
Шымкентте ауыспалы бұлттылық сақталады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +23+25°С.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды