Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады29 желтоқсанда таңертең Оңтүстік Кореяның Муана қаласында әуежайға қонған жолаушылар ұшағының апатынан қаза тапқан 179 адамның денесі табылды. Бұл туралы Yonhap агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
29 -желтоқсандағы сағат 21:07-дегі жағдай бойынша (Астана бойынша 17:07-де) Jeju Air авиакомпаниясының ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 179 адамды құрады, - делінген агенттіктің хабарламасында.
Yonhap бұл Оңтүстік Корея тарихындағы ең ірі ұшақ апаты екенін атап өткен.
Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы Чхве Сан Мок 29 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында жеті күндік ұлттық аза тұтуды жариялады.
Ұшақ апатына не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, таңертең Бангкоктен Оңтүстік Кореяға бағыт алған Jeju Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ таңғы сағат 9:07-де қонуға әрекет жасаған. Бірақ ұшу-қону жолағынан шығып, әуежайдың қоршауына соғылған. Бортта қазақстандықтардың болмағаны айтылған.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары