13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызОңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Ел спортшылары үшін дүбірлі дода жемісті болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасы жарысты алты жүлдемен аяқтады. Атап айтқанда, отандық спортшылар ел қоржынын 3 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдемен толықтырды. Олар: Нора Джеруто (3000 метр кедергілер арқылы жүгіру, 5000 метр) екі алтынға қол жеткізсе, Дейзи Джепкемей (10000 метр) бір алтын жүлдені еншіледі.
Ал Елизавета Матвеева (биіктікке секіру) күміс медальға ие болса, Ясмина Тоқсанбаева (20 шақырымдық спорттық жүріс) мен Дейзи Джепкемей (3000 метр кедергілер арқылы жүгіру) қола жүлделерді қанағат тұтты.
Командалық есепте Қазақстан құрамасы Қатармен бірдей нәтиже көрсетіп, төртінші орынға тұрақтады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды